While операторы

 

Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE және DO.

WHILE <қайталану шарты> DO <цикл тұлғасы>;

Мұндағы қайталану шарты - өрнек, цикл тұлғасы – қайталанып орындалып отыратын қарапайым немесе құрама оператор. Цикл әрбір орындалар алдында қайталану шартының мәні есептеледі, ол ақиқат  - true болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі. Қайталану шарты жалған – false болса, циклды орындау доғарылып, WHILE операторынан кейінгі жолдар атқарыла бастайды. 

WHILE операторының жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде бейнелеуге болады:

WHILE <шарт> DO

BEGIN

<1-оператор;>

<2-оператор;>

...

<n-оператор;>

END.

            Артқа

Hosted by uCoz