Repeat  операторы

 

REPEAT қайталау операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы – қайталану шарты циклдың соңында тексеріледі. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болған жағдайда қайталанып, ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады. Бұл оператор REPEAT және UNTIL түйінді сөздерін пайдаланып орындалады.

 

REPEAT

 

<оператор 1>;

<оператор 2>;

...

<оператор n>;

 

Until <шарт>;

 

Бұл жерде операторлар REPEAT және UNTIL сөздерінің арасына орналасқандықтан, мұнда Begin және End сөздері жазылмайды.

REPEAT операторының циклі ішінде оның орындалу шартына әсер ететін кем дегенде бір оператор болуы тиіс, әйтпесе ол шексіз қайталана береді. 

            Артқа

Hosted by uCoz