For операторы

Циклдегі операторларды қайталау саны алдын ала белгілі болған жағдайда FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені қайталау саны функция аргументі (айнымалы) сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі. Параметр өзінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгеру барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталап орындауды атқарады.

FOR – үшін, TO – дейін, DO – орындау деген мағынаны беретін түйінді сөздер қолданылады. Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда ТО немесе DOWNTO (DOWN -  төмен, ТО – дейін, DOWNTO – кері қарай) түйінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1-ге тең болса, онда операторда ТО, ал қадам -1-ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.

            Артқа

Hosted by uCoz