Тармақталу операторында белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына байланысты алгоритмнің 1- немесе 2- операторы орындалады, көбінесе мүмкін болған жағдайда, екеуі емес одан да көп болады, яғни процесс көп тармақты болады.

        Таңдау операторы (case) бірнеше операторлардың ішінен таңдау жолымен көп тарамды тармақталуды ұйымдастырады.

         CASE таңдау операторы көп тармақты алгоритмдерді барынша қарапайым және көрнекі түрде жазуға мүмкіндік береді. Оның құрамында селектор (selector – таңдау) деп аталатын өрнек және параметрлер тізімі болуы тиіс, әрбір параметрге сәйкес таңдау тұрақтылары болуы қажет. 

 Таңдау командасы былай орындалады: алдымен селектор-өрнек мәні есептеледі де, ол тұрақтылармен салыстырылады. Егер өрнектің мәні 1-тұрақтыға тең болса, онда 1-оператор орындалады, ал өрнектін мәні 2-тұрақтыға тең болса, онда 2-оператор, 3-тұрақтыға тең болса, онда 3-оператор т.б. тізімдегі тек бір ғана оператор орындалады да, таңдау командасы осымен аяқталады.

сase <селектор-өрнек> of

<1-тұрақты>: <1-оператор>;

<2-тұрақты>: <2-оператор>;

<n-тұрақты>: <n-оператор>;

еlse <n+1-оператор>;

еnd.

             Артқа

Hosted by uCoz