Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Кейде бір тармақ ешбір амал орындалмай да қала береді.
  
If шартты операторы. If (егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады.

If <шартты өрнек>

                THEN <1-оператор>

                ELSE <2-оператор>

Немесе қысқартылған түрде

        IF <шартты өрнек>

                THEN <1-оператор>

Мұндағы 1- және 2- операторлардың өздері қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін.

             Артқа

Hosted by uCoz